Әйел медициналық көмекке жүгінер алдында шыбыжұт, яғни мухомор жегенін айтқан. Дәрігерлер тексеруден кейін оны шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, "белгісіз затпен жедел улану" диагнозын қойған.
Реанимация мамандары науқастың өмірін сақтап қалу үшін төрт күн бойы қарқынды ем жүргізген. Осы уақыт ішінде оның ағзасындағы маңызды қызметтер тұрақтандырылып, уланудың салдары мен ықтимал асқынулардың алдын алу шаралары жасалды. Жағдайы түзелгеннен кейін әйел терапия бөліміне ауыстырылды.
Ем нәтижесінде денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер пациентке әрі қарай психиатр және нарколог мамандарына қаралуды ұсынды.
Мамандар мухомор сияқты улы саңырауқұлақтарды және сананы өзгерту мақсатында қолданылатын белгісіз заттарды тұтыну аса қауіпті екенін ескертеді.
Мұндай улану кезінде адамның санасы бұзылып, құрысу, тыныс алудың қиындауы және жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы бұзылуы мүмкін. Кей жағдайда бұл өмірге тікелей қауіп төндіреді.