Петропавлда Наурыз мерекесінің құрметіне ұзындығы 15 метрден асатын алып дастархан жайылды. Орталық алаңға жиналған халық наурыз көжеден дәм тату үшін кезекке тұрды, деп хабарлайды Baq.kz.
"Достық дастарханын" облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы этно-мәдени орталықтар жайды. 20-дан астам ұлт өкілінің тағамдары мерекелік дастарханның сәнін келтірді.
Орталық алаңға жиналған халық Наурыз көже, қымыз тағы басқа тағамдардан дәм татты. 9 мың дана бауырсақ пісіріліп, қала тұрғындарына тегін таратылды.
Наурыз мерекесін тойлауға жиналған халық түрлі спорттық ойындарды көріп қана қоймай, өздері де сайысқа түсті. Киіз үйлерге кіріп, дәмнен ауыз тиді. Петропавлда Наурыз мейрамы бірнеше күн бойы тойланады. 600-ден астам мерекелік шара өткізу жоспарланған.