Петропавлда Калинин атындағы зауыт аумағында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 13 мамыр күні 13:17-де Петропав қаласындағы Гашека көшесінде орналасқан жұмыс істеуін тоқтатқан Калинин атындағы зауыттың аумағында құрғақ шөп өртеніп, артынша бос тұрған 2 мың текше метрлік көлемі үлкен 3 металл бөшкені жалын шарпыған. Бұрын оларда ылғалдан қорғайтын лак сақталған.
"Өрт аумағы 225 шаршы метрді шарпыды. Жалын сағат 15:25-те ауыздықталып, 15:48-де толықтай сөндірілді", - деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, бастапқы болжам бойынша оқыс оқиғаға өртті дұрыс пайдаланбау себеп болған. Жалынан ешкім зардап шекпеген.
Сондай-ақ, сөндіру жұмыстарына 10 адам және 10 арнаулы техника жұмылдырылған.