Петропавлда зейнеткер қайғылы жағдайда мерт болды

69

67 жастағы зейнеткер төртінші қабаттың терезесінен құлаған.  

Петропавлда зейнеткер қайғылы жағдайда мерт болды Фото: Pixabay.com

Петропавлда жоғары қабаттан құлап кеткен әйел бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы 67-де. Қазіргі уақытта оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

— Оқиға 14 қазан күні болды. Әйел Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Медициналық мекемеде оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысқанымен нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заң аясында процестік шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу