18 сәуір Петропавл қаласында Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің 5-қабатынан 67 жастағы әйел құлап кеткен. Зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу