Петропавлда жабық футбол манежi ашылды

668

Петропавлда жабық футбол манежi ашылды

Петропавлда алғашқы жабық футбол манежi ашылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Ең алдымен бұл манеж "Қызылжар" клубына қызмет етедi. Бiз осы нысанды әдейi салдық, аяқ доп шеберлерiне барлық жағдайды жасадық. Өткен екi ойын бiздiң клубтың азулы екенiн көрсеттi. Бiздiң жанкүйерлер жергiлiктi клубқа зор үмiт артады. Бұл манежде жас футболшыларымыз да доп тебетiн болады", - дедi ашылу салтанатында  өңір әкімі Құмар Ақсақалов.

Манежде "Қызылжар" футбол клубының таныстырылымы өттi. Клубтың капитаны Әли Әлиев өңiр басшысына зор қамқорлығы үшiн алғысын айтып, алдағы ойындарда команда жақсы нәтиже көрсетедi деп сендiрдi. Әли Әлиев облыс әкiмiне команданың мерейтойлық белгiсi мен шарфын табыс еттi.

Манеждiң жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады. Ең алғаш болып футбол манежiнiң алаңына жас футболшылар шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу