Петропавлда жаңа үлгідегі жүк вагонын құрастыру қолға алынды

1079

Петропавлда жаңа үлгідегі жүк вагонын құрастыру қолға алынды

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп саласында 170 млрд теңгенің өнімі шығарылды, деп хабарлайды 24Хабар.

Өңірде машина жасау өндірісінің өсімі байқалады. Мәселен, Петропавлдағы вагон құрастыру зауыты жүк тасымалдағыштарды жасап қана қоймай, олардың жаңа үлгілерін ойлап тапты. Зауыт Қазақстандағы вагон құрастыратын бірегей кәсіпорын. Оның жұмысшылары былтыр 250-ден астам астық және контейнер тасымалдайтын теміржол көлігін құрастырды

"Жаңа астық тасымалдағыштың инновациялық арбасы бар. Бұл арпа, сұлы секілді жеңіл дәнді дақылдарды тасымалдауға мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі, жүк сыйымдылығының артықшылығында. Ал платформалардың үлгісін 25 метрге ұзарттық. Ол 40 футтық контейнерге арналған", – деді вагон құрастыру зауытының бас инженері Олег Чудопал.

Кәсіпорын жүк вагондарының отандық үлесін арттырып, теміржол көліктерінің қосалқы бөлшектерін жасауды жоспарлап отыр.

"Өңірде 2010 жылдан бері "Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы" бойынша 56 жоба жүзеге асты. Бүгінгі таңда олармен 116 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Былтыр машина жасау өнеркәсібі 35 пайызға артып отыр. Облыс орталығында "Батыр" деп аталатын алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы құрастырыла бастады", – деп атап өтті облыстық Индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сарбалинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу