Петропавлда жарықтандыруға бөлінген қаржының 44 миллион теңгесі қолды болған

863

Қазіргі уақытта мемлекетке келген шығын мөлшері есептеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Петропавлда жарықтандыруға бөлінген қаржының 44 миллион теңгесі қолды болған

Петропавлда қаланы жарықтандыруға бөлінген қаржының 44 млн теңгесін жауапты мамандар қолды еткен. Экономикалық тергеу департаменті мамандарының мәліметінше, Жамбыл көшесіндегі орындалуға тиіс жұмыстар толық көлемде атқарылмапты. Соның ішінде жеке үйлерді жерге тұйықтау және өндірістік қалқандар мен электронды есептегіштерді монтаждау жұмыстары да бар.

Қазіргі уақытта мемлекетке келген шығын мөлшері есептеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.

 Бұдан басқа облыстық экономикалық тергеу қызметі Петропавлдағы халықаралық әуежайды жөндеуге бөлінген қаржының да ұстағанның қолында кеткенін анықтаған. Нысанды жаңарту жұмыстарына республикалық қазынадан 1,1 млрд теңге бөлінген болатын. Ал мемлекетке келген шығын 68 млн теңгені құрап, қаржы толығымен қайтарылды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу