Абай-Әуезов көшелерінің қиылысындағы №86 үй аумағында Д-800 мм кәріз құбыры жарылған, деп inbusiness.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ағынды суларды сору ұйымдастырылды. Жөндеу жұмыстарына 4 бригада мен техника жұмылдырылған.
Әлеуметтік желіде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жертөлелерде су пайда болғанын айтып шағымдануда.
Көшедегі №86 үй аумағындағы Д-800 мм кәріз коллекторы зақымданған. Қазіргі уақытта кәріз суларын тарту жұмыстары ұйымдастырылған. Оқиға орнында 16 адамнан тұратын төрт жедел топ пен қажетті құрал-жабдықтар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады "Қызылжар су" коммуналдық кәсіпорны баспасөз қызметі.
19 қазанда оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.