Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге айыппұл салынды

405

Жүргізуші 345 мың теңге айыппұл арқалады.

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге айыппұл салынды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 25 жастағы жүргізушіні Петропавл қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары сағат таңғы 06:00 шамасында байқаған. Ол жолдастарымен бірге Toyota тізгінінде рұқсат етілгеннен жоғары жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

"Бағдар патрульдік нарядтарға берілді. Интернационал және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жүргізуші ұсталды. Ол өзін дөрекі ұстап, медициналық тексеруден өтуден бас тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі талаптарына сәйкес, куәландырудан бас тартқаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Енді ол тек 33 жасқа толған соң көлік басқара алады.

"Сонымен қатар, тексеру барысында ер адамның ұсталғанға дейін жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны анықталды. Заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің бейне жүйелері Toyota автокөлігімен сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты 5 рет асырғанын тіркеді. Осы заңбұзушылықтар үшін жалпы айыппұл сомасы 345 мың теңге болған", – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу