Петропавлда жүк көліктері құрастырылады

761

Шахар басшысы Марат Тасмағанбетов пен Қытайдың Хубэй провинциясынан келген делегация арасында уағдаластық жасалды. 

Петропавлда жүк көліктері құрастырылады

Петропавлда жүк көліктері құрастырылады. Келесі жылы облыс орталығында ауыр машина жасайтын индустриялық парк бой көтереді, деп хабарлайды egemen.kz.

Шахар басшысы Марат Тасмағанбетов пен Қытайдың Хубэй провинциясынан келген делегация арасында уағдаластық жасалды.

Делегацияға өңірдің инвестициялық әлеуеті жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. Қос тарап жүзеге асырылатын  біріккен  жобаларды талқылаып, ой-пікір алмасты.

Шиянь қаласы халықтық үкіметінің вице-мэрі Чжао Чже өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, іскерлік қарым-қатынастың, өзара әріптептестік байланыстың нығайып келе жатқанын атап көрсетті. Сенімді транзиттік дәліз саналатын Петропавл қаласының қаржы құюға қолайлы өңірге, ірі көлік-логистикалық орталыққа айналатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында сөз алған "СҚО СП КАZ" ЖШС-інің бас менеджері Азат Шайкенов болашақ  индустриялық паркте жоспарланып отырған шаралармен таныстырды. Мұнда арнайы техниканың 50-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында трактор, сұйықтық тасымалдайтын жүк көліктері, медициналық мақсатта пайдаланылатын техникалар бар. Желі жүйелері Қытайдан жеткізілмек.

Мамандар еліміздің және Қытайдың жоғары оқу орындарында даярланады. Индустриялық парк толық қуатына көшкен кезде 4 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба құны 65 миллиард теңгені құрайді.

Қазіргі таңда зауытқа 165 гектар жер телімі бөлінген. Қытай инвесторлары қант шығаратын, картоп крахмалын өндіретін зауыттар салу жөніндегі  ұсыныстарды қарастыруға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу