Өңірдегі Ішкі істер органдарының мәліметінше, қазір аталған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Петропавловск.news порталына сілтеме жасап.
Қазір Петропавл полиция басқармасының бірінші бөлімінде сотқа дейінгі тергеу материалдарында Қылмыстық кодекстің 156 бабы, 2 тармағы "Еңбек қауіпсіздігі қорғау ережелерінің бұзылуы" бойынша қозғалған іс өндірісте. Сотқа дейінгі тексеру барысында 2022 жылдың 5-інші қарашасында 21 жасар монолит құюшы, Петропавлдағы 2-ЖЭО аумағындағы жұмыс орнында өндірістік жарақат алған.
Ер адам ауруханаға жеткізілген, ал 7 қараша күні алған жарақатының салдарынан қайтыс болған. Дәл сол күні бұл қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 156 бабы, 3 тармағына ауыстырылды. Қазіргі уақытта жағдайды анықтау бағытында тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесінде түпкілікті процессуалды шешім шығарылады. Сондай-ақ, жұмыс кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жауапты тұлғалардың кінәсі анықталады.