Петропавлда әйелдер колониясы көшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
Басқарма басшысы Берік Біләловтің айтуынша, алдағы уақытта әйелдер жазасын өтеп жатқан мекеме басқа орынға көшіріледі.
"Шаһар аумағының кеңеюіне байланысты мекеменің айналасында тұрғын үйлер, сауда, ойын-сауық орталықтары және тағы басқа ғимарат салынуда. Сондықтан әйелдер колониясын көшіру керек. Жаңа мекеме барлық қажет үй-жаймен: монша, асхана, тұрғын және өнеркәсіптік аймақ, мәдениет үйі, спортзал және мектеппен қамтылады. Нысан күрделі бейнебақылау жүйесімен жабдықталады", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу