Петропавлдағы апат: Жылу орталығын жөндеуге 17,5 млрд теңге жұмсалады

794

Сарапшылар орталықтың 56%-ы тозғанын айтады.  

Петропавлдағы апат: Жылу орталығын жөндеуге 17,5 млрд теңге жұмсалады

Мұржасы құлаған Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол картасы 5 блокқа бөлінген. Іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы – 17,5 млрд теңге.

"Бұл жылу орталығының алдағы жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындығын қамтамасыз етеді", – деп жазылған хабарламада.

Министрлік төтенше жағдайдан кейін жылу орталығының техникалық жай-күйін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы комиссиясын жіберді.

Жиын қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама мен талдау нәтижелерін ескере отырып, Энергетика министрі Болат Ақшолақов станция басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілген. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз электр және жылу энергиясының көзі. Станцияның бекітілген электр қуаты – 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ. Станцияның негізгі жабдығының физикалық тозуы – 56,1%.

Айта кетейік, биыл 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлаған. Салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.

Кейін төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынған еді. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу