Петропавлдағы бірнеше тұрғын тіршілік нәрінсіз қалды

721

Петропавлдағы бірнеше тұрғын тіршілік нәрінсіз қалды

Петропавлдағы орталық су құбырларының бірінде болған апаттың себебін мамандар анықтап жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қызылжар су" ЖШС су желісі учаскесінің бастығы Александр Супониннің айтуынша, кеше М.Жұмабаев көшесінде полиэтилен құбыр жарылып, су тасқыны орын алған. "Сегізжүздіктің" (800 мм құбыр - ред.) қосылған жері шытынаған. Осы учаскедегі құбырды сегіз жыл бұрын ауыстырған. Оқиғаның себебін анықтаудамыз, бірақ апат ауа райы қолайсыздығынан болған деп ойлаймыз", – деп мәлім етті су арнасы кәсіпорнының қызметкері.

Қазір "Қызылжар су" ЖШС мамандары апаттың салдарымен күресіп жатыр. Александр Супониннің сөзіне қарағанда, бес тұрғын үй сусыз қалады. Су құбыры кешке дейін қалпына келтіріледі деп уәде берді. Су таратқыштағы апат кеше кешқұрым орын алған.  Су тасқыны М.Жұмабаев көшесінен басталып, Интернационал көшесіне дейін жеткен. Жақында ғана осы көшеде 1 қаңтар күні болған апатты жою жұмыстары аяқталған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу