Петропавлдағы қоқыс полигонында оқ-дәрі жарылып, бір адам жарақат алды

68

Тәжікстаннан келген 23 жастағы жігіттің оң жақ самайы мен қабағы зақымданған.  

Петропавлдағы қоқыс полигонында оқ-дәрі жарылып, бір адам жарақат алды Фото: Видеодан скриншот

Оқиға түскі төрт шамасында болған. Екі ер азамат тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонда жүріп, оқдәрі тауып алған. Тексермек болғанда оқдәрі жарылып, жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір полиция қызметкерлері осы жайтқа қатысты тергеп-тексеру жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр. Белгілі болғаны, оқиға орнында ешқандай атыс қаруы қолданылмаған. Ал жарақат алған жігіттің жағдайы қазір жақсарды, дейді дәрігерлер.

"Жарақат адам өміріне қауіп төндірмейді. Тек тері және теріасты май қабаты зақымданған. Көзіне, бас сүйегіне еш зақым келмеген. Науқасқа біздің бөлімшеде алғашқы көмек көрсетіліп, қанын тоқтатып, үйінде емделуге жібердік", – деді Петропавл жедел жәрдем ауруханасының хирургі Бағдат Шағдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу