Петропавлдағы құрылысшы қазасы: Түсініксіз шешім шығарған комиссия

1148

Бірнеше күн бұрын Петропавл қаласында жұмысшы құрылыста қазақ тапқан болатын. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бұл оқиғаны жұмыс беруші мен жұмысшының арасында ешқандай келісімшарт болмағандықтан, еңбек жағдайындағы қайғылы оқиға деп саналмайтынын айтқаны туралы БАҚ-та мәлімет тарады. Сонда жұмыс беруші жауапкершіліктен құтылып кетеді деген сөз бе? 

Петропавлдағы құрылысшы қазасы: Түсініксіз шешім шығарған комиссия

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловқа осындай сауал қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Шынымен де осындай факті бар. Бүгін екінші күн осы мәселемен айналысып жатырмыз. Зардап шеккен жұмысшы аталған кәсіпорында бірінші күн жұмыс істеген екен. Жұмыс беруші еңбек нормасын өте өрсекел бұзған. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, бәрін айта алмаймыз. Бірақ бізге берілген ақпаратта қайтыс болған жұмысшы еңбек келісімшартынсыз жұмысқа жіберілгені мәлім. Оған жеке қорғаныш заттары берілмеген. Ешқандай нұсқау жұмыстары жүргізілмеген. Неге екені белгісіз, бірақ осы қайғылы оқиғаны тексерген комиссия істің өндіріспен қатысы жоқ деп қорытынды шығарған", – деген Төлеген Оспанқұлов. 

Ол аталмыш оқиға бойынша қайтадан тексеру жүретінін айтады. 

"Біз бұл мәселені бақылауымызға алдық. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясына істі қайтадан көтерту туралы тапсырма бердік. Сондықтан әділдік орнайды деп ойлаймын. Біздің қолымыздағы мәліметтердің бәрі расталса, аталмыш қайғылы оқиғаны өндіріспен байланысты деген қорытынды шығарылады. Іс бақылауымызда", – деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу