Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды

872

Мәйітті сүңгуірлер тапқан. 

Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды Фото: t.me/petropavl_polisiasy

Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басып қалған еді. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. 

“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу