Петропавлдағы жертөледен бір центнерден астам марихуана тәркіленді

473

Полицейлер Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Петропавлдағы жертөледен бір центнерден астам марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес затты тәркіледі.

Сараптама көрсеткендей, салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүріп жатыр, полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі мөлшерінің шығу тегін анықтауы керек.

 – Бұл облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы. Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері облыс полицейлерімен 600 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу