Петропавлды бөлек мемлекет етуге шақырғандарға қатысты сот үкімі шықты

353

Петропавлда "Халықтық кеңес" мүшелері сепаратизм бойынша айыпталды.

Петропавлды бөлек мемлекет етуге шақырғандарға қатысты сот үкімі шықты Фото: петропавловск.news

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының "Еңбекші халық кеңесі" деген топ құрған азаматтарға қатысты сот аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Петропавловск.news басылымының мәліметінше, аталған кеңестің төрт мүшесі сотқа тартылған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары.

"Халықтық кеңесті" құрған азаматты сот 9 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ белсенді қатысушыларды 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетсек, осы жылдың наурызында әлеуметтік желіде өздерін "Еңбекші халық кеңесі" деп таныстырған адамдардың ҚазақКСР-на оралуға шақыратын үндеуі жарияланған болатын. Бұл мәлімдемеден кейін олардың бірнеше мүшесі сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу