Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді

91

Анатолий Висельский турникке екі саусағымен ғана 2 минут 7 секунд бойы ілініп тұрып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.  

Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді Фото: inform.kz

Петропавл қаласындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі осы ерекше жетістігімен Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анатолий Висельский осы нәтижемен италиялық спортшы Марчелло Ферридің 2 минут 1 секундтық көрсеткішін жаңартты.

"Мен бұл бағытта рекорд қойылатынын кездейсоқ білдім. Алғашқы әрекетімде әлемдік рекордтың нәтижесін қайталадым. Екі аптадан кейін рекордты жаңарттым. Қыркүйекте өтініш беріп едім, жарты жылдан соң сертификат алдым. Қазір ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына ендім", – дейді Анатолий Висельский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу