Петропавлдық тұрғын 2,5 миллион теңгесінен айырылып қалды

871

   

Петропавлдық тұрғын 2,5 миллион теңгесінен айырылып қалды

Интернет алаяқтар Петропавл тұрғынан 2,5 миллионнан астам теңге жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық тұрғынға "банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері" хабарласып, оның шотынан белгісіз біреудің ақша ұрлағалы жатқанын хабарлаған. Транзакцияға жол бермеу үшін банк картасының пин-кодын керектігін айтқан. Алаяқтың сөзіне алданған ол бар жиған-терген қаражатынан айырылып қалған.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

"Бұл жағдай бірлі-жарым емес. Алда қылмыскерлердің нақты мәліметті қайдан алғанын анықтау керек. Әзірге алаяқтардың құпия ақпаратқа қандай жолмен қолжеткізгенін білу қажет болып тұр. Сенімге кіру, олар есімі мен жасын, ЖСН мен үйінің мекенжайын, банктегі шотының жағдайын айтады. Дегенмен, ақшаға қолжеткізу үшін оларға картаның пин-коды немесе sms-хабарламадан бір реттік құпия сөз қажет. Бұл мәліметтерге алу үшін олар психологиялық қысым көрсетеді. Банкке жеке хабарласпауына сенімді түрде кеңес береді. Батыл, нық сөйлесіп, кейде қысымшылық жасауы да мүмкін, мұндай жағдайлардың бірін біздің қызметкерлер ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша СДТБТ енгізді",– дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Полицейлер адамдарды сақ болуға, үрейге бой алдырмауға шақырады. Егер хабарласқан адам банк қызметкерлері екені рас болса, телефонмен клиенттерден құпия деректерді ешқашан талап етпейді. Күдік туғызған қоңырау шалған уақытта абзалы сөйлесуді бірден доғарған және лезде банкке жеке жүгінген дұрыс немесе ресми сайтта көрсетілген Call-орталыққа телефонмен хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу