Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары мен Петропавл қаласында бір түннің ішінде қардың 10 күндік мөлшері түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті "Қазгидромет" РМҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, облыс орталығына 9 миллиметр, кейбір аудандарға 10 миллиметр көлемінде қар жауған.
"Облыстың барлық аудандарына қар түсті. Бүгін өңірдің шығыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Ертең антициклонның әсерінен ауа температурасы сәл төмендейді",-дейді филиал директоры Қымбат Мерғалымова.
Қар тазалау техникалары қала көшелеріне түнгі сағат екіде шыққаны айтылады. Қарды сыртқа шығару жұмыстарына таңертеңгі сағат 10-нан бастап кіріскен.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазалау жұмыстарына иеліктерінде 30 шақты қар тазалау техникасы бар 7 мердігерлік ұйым тартылған.