Петропавловлда гуманитарлық көмекті бөлу кезінде тұрғындар төбелесті

279

Қақтығыс бейнетүсірілім себебінен туындаған.

Петропавловлда гуманитарлық көмекті бөлу кезінде тұрғындар төбелесті Фото: pkzsk.info

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек беру пункттерінің бірінде тұрғындар жаға жыртысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 37 жастағы ер адам 30 жастағы жігіттен түсірілімді тоқтатуды сұраған. Ал түсірген жігіт көмек көрсету процесін видеоға түсірген. Өтініші орындалмағаннан кейін екеуі төбелесіп қалған.

Құқықбұзушыға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. 16 сәуірде сот оны 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін мойындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу