Пезешкиан: "Нахчыванға жасалған шабуылға Иранның қатысы жоқ"

144

8 наурызда Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.    

Пезешкиан: "Нахчыванға жасалған шабуылға Иранның қатысы жоқ" Фото: azertag.az

Пезешкиан әңгіме барысында Нахчыванға жасалған шабуылға Иранның қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Иран тарапының бастамасымен президенттер Масуд Пезешкиан мен Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті. Әзербайжан мемлекетінің басшысы Нахчыванда болған оқиғаны жан-жақты тергеудің маңыздылығын атап өтті", – делінген хабарламада.

Иран перзиденті Пезешкиан бұл оқиға міндетті түрде тексерілетінін жеткізді.

Айта кетейік, 5 наурыз күні Әзербайжанның Нахчыван әуежайы маңында Иран аумағынан ұшырылған екі дронның құлағанын хабарлаған болатын. Соның салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі адам жарақат алған. Әзербайжан тарапы Баку қажет болған жағдайда жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеген.

Ал Иран қарулы күштерінің бас штабы Әзербайжанның әуе кеңістігіне дрондар ұшырылды деген ақпаратты жоққа шығарып, болған оқиғаға Израильді жауапты деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу