Pfizer 43 млрд долларға қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек өндірушісін сатып алмақ

443

Осылайша фармацевтикалық гигант ракты емдейтін препараттарының қатарын көбейтпек. 

Pfizer 43 млрд долларға қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек өндірушісін сатып алмақ Фото: РБК

Pfizer корпорациясы қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығарушы Seagen компаниясын $43 млрд долларға сатып алмақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл коронавирус пандемиясы толық аяқталады деп мәлімдеген.

Сондықтан фармөндірушілер вирусқа қарсы препараттар сатылымының күрт азайып, кей дәрі-дәрмектің өндірістен шығуына дайындалып жатыр. Ал Seagen компаниясының әрбір акциясын Pfizer $229 ға сатып алмақ. Wall Street Journal жазуынша, бұл Pfizer-дің COVID-19ға қарсы вакцинадан кейінгі ең ірі келісімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу