Pfizer вакцинасы 20 қазаннан кейін Алматыдағы егу пункттеріне жеткізіледі

1843

Қалаға шамамен 130-160 мың доза препарат әкелінеді деп күтілуде.  

Pfizer вакцинасы 20 қазаннан кейін Алматыдағы егу пункттеріне жеткізіледі

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Pfizer вакцинасын төртінші тоқсанда жеткізу жоспарланған болатын, ол 20 қазаннан кейін Алматыға әкелінеді. Алматы үшін әзірге 130-дан 160 мыңға дейін доза жоспарланған. Бірақ Алматыға квота бөлу нақтылануда", – деді Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, бұл вакцина бірінші кезекте балаларға, медицина қызметкерлеріне, қарттарға, жүкті әйелдер мен жабық мекемелерде тұратын балаларға салынады.

"Қазір бізде барлық санаттар бойынша белгілі бір деректер бар. Бірақ бәрі үміткерлер санына байланысты болады", – деді спикер.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Елімізде 306 мың балаға осы вакцинаны егуге болатынын айтты. 

"Бұл өз кезегінде қалада коронавирустың таралуын төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Жандарбек Бекшин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу