Pfizer вакцинасы ресейлік препараттан екі есе қымбат

995

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина тақырыбына тоқталды.  

Pfizer вакцинасы ресейлік препараттан екі есе қымбат

"Бүкіл әлемде қазіргі таңда вакцинаны уақытша тіркеу мәселесі талқылануда. Елімізде тіркеп, зерттеудің үшінші сатысының есебі бойынша уақытша тіркеуге мүмкіндік беретін тиісті ережелер әзірленді. Ал Pfizer вакцинасы туралы айтар болсақ, ол ресейлік вакцинадан екі есе қымбат. Біз Pfizer компаниясымен қосымша деректерді жарияламау туралы келісімге келдік. Бұл вакцинаны Қазақстан аумағына жеткізу бойынша жұмыстарға кірісуге дайынбыз", - деді вице-министр. 

Еске сала кетсек, бүгінде еліміз "Спутник V" вакцинасын тіркеу мәселесін қарастырып жатыр. Препарат 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтар аралығында арнайы тексеруден өтеді. Барлығы сәтті болған жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтарынан 11 ақпанға дейін вакцинаны Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу