Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана салынады

1249

Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті бар, бірақ Pfizer-ді тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің медициналық пунктерінде салынады.

Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана салынады

Pfizer вакцинасы елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Бірінші кезеңде америкалық вакцинаның 35 мыңнан астам дозасы келді. Дозалардың бәрі сақтаулы тиіс мұздатқыштарға орналастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Алғашқы партияның 35 100 дозасы бүгін медициналық ұйымдардың вакцинация пунктеріне, сол сияқты елордалық мектептердің медициналық пунктеріне бөлінеді. Бұрын біз БМСК ұйымдарында ғана вакциналауды жоспарлаған едік, бірақ екпе алудың ыңғайлылығы үшін білім беру мекемелеріндегі медициналық пунктерде жасөспірімдерге екпе салу мүмкіндігі қарастырылды. Медицина қызметкерлері арнайы оқытудан өтіп, барлық ұсынымдар бойынша хабардар. Сондықтан осы санаттағы адамдарды қауіпсіз вакциналауға кірісуге дайынбыз", – деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі. Әрбір егу пункті ұйымға тіркелген халықты ескере отырып, дозаны аз мөлшерде алатын болады.

Әлия Рүстемова жеткізілген дозалар тек 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді, бала емізетін аналар мен лактация кезеңіндегі әйелдерді, сондай-ақ 12-17 жас аралығындағы балаларды вакциналауға арналатынын айтып өтті.

Қазіргі уақытта елордада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу