Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

1359

Ол үшін қажетті келіссөздер жүргізілген. Бұл туралы Алматы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

"Pfizer бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажетті келіссөздер жүргізілді. Алайда қазіргі кезде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің кейінгі қаулысында бұл туралы жазылған. Сонымен қатар біздің қаулыда да бұл мәселе қарастырылды. Pfizer препаратымен медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинацияланады. Яғни, Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова. 

Еске сала кетсек, Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға 10 қарашада жеткізілді. Әзірге ол 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің заңды өкілдерінің ерікті келісімімен және жүкті, бала емізетін әйелдер ғана ала алады. Сонымен қатар ведомствоаралық комиссияның шешімімен медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды осы екпемен ревакцинациялау қарастырылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу