Pfizer вакцинасын алу ақылы болуы мүмкін

765

8,5 млн-нан астам адам екпенің бірінші компонентін, 7,8 млн адам екінші компонентін алды. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Pfizer вакцинасын алу ақылы болуы мүмкін

"Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қамтамасыз ету қажет. Қазір біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын санаттарды кеңейтіп жатырмыз", – деді премьер-министр. 

Асқар Мамин Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілгенін жариялап, 12-18 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерді және жас аналарды вакциналау басталғанын баяндады. 

Үкімет басшысы Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару бастамасын қолдайтынын алға тартып: "Адамдардың таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакцинаны тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді және ревакцинация қағидасын сақтауды сұраймын", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу