"11 қазандағы жағдай бойынша ел бойынша қамтылуға тиіс контингенттің 78%-ы немесе халық санының 41%-на бірінші компонент егілді. Вакцинаның екінші компонентін тұрғындардың 69%-ы алды", – деді Алексей Цой.
Министр 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer компаниясының вакцинасы салынатынына тоқталды.
"Министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцина жеткізу бойынша шартқа қол қойды", – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, елімізде Pfizer вакцинасы егілетін адамдардың тізімі кеңейтілуі мүмкін.
"Бастапқы кезеңде Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен аяғы ауыр әйелдерге салынады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындардың тізімін кеңейтуіміз мүмкін", – деді Алексей Цой
Қанат Махамбет