Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізіледі

866

Еліміз 4 млн 230 мың доза препарат сатып алды.

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізіледі

10 қараша күні Qatar Airways Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын жеткізеді, деп хабарлады inbusiness.kz мегаполис әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша, 10 қарашада сағат 19:45-те Qatar Airways Pfizer вакцинасының бірінші партиясын жеткізеді", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәрсенбі күні үкімет отырысында балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза Pfizer вакцинасы сатып алынғанын мәлім етті. Бұл 2 млн 115 мың адамды екпемен қамтуға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, 379 мың доза көлеміндегі бірінші партияны 15 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ ол Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 облысына 34 бірлік тоңазытқыш қондырғылар сатып алынғанын ескертті.

"Сонымен қатар қосымша 51 тоңазытқыш қондырғы сатып алынды. Қараша айының соңына дейін барлық өңірлерге жеткізу жоспарлануда", – деді спикер.

4 қарашада Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда келесі аптада Pfizer вакцинасы жеткізілетінін хабарлады.

"Pfizer биылғы жылдың 8-14 қарашасы аралығында жеткізіледі деп күтілуде", – деді Шоранов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларды олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдердің ерікті келісімімен егу жоспарлап отыр.

Қыркүйек айында Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, ал қазан айында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ердан Қиясов осы вакцинамен егу науқанын бастау туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан шамамен 4 млн доза препарат жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу