Кешеден бері БАҚ біткен аталмыш екпе қараша айының соңына дейін ресми тіркелетін болды деген хабар таратқан болатын. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, ДСМ қазір бұл мәселемен шұғыл айналысып жатқан көрінеді.
"Бұл ақпарат кеше ғана белгілі болды. Біз де БАҚ-тан білдік. Денсаулық сақтау министрлігі қазір шұғыл түрде осы мәселемен айналысып жатыр. Біз бұл іске де кешенді келуіміз керек. Отандық вакцина бар, Ресей Федерациясының вакцинасы және өзге де түрлері бар. Бұған дейін екпелерді сынаудың 3 кезеңі ешкімде біткен жоқ деп хабарланып келген болатын. Егер аталмыш екпе толық тіркеліп бітсе, Pfizer компаниясымен де, құрылтайшы компаняисымен де осы бағытта жұмыс істейміз", – деді ол.
Есжан Ботақара