Pfizer және Roche компаниялары Қазақстанға вакцина мен дәрі-дәрмек жеткізетін болды

424

Қазақстан – Еуразия өңірі мен Орталық Азия елдерінде Pfizer инновациялық вакцинаның келісімшарттық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған бірінші ел.  

Pfizer және Roche компаниялары Қазақстанға вакцина мен дәрі-дәрмек жеткізетін болды Фото: ҚР ДСМ Баспасөз қызметі

17 қарашада Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстелдің (Kazakhstan Global Investment Roundtable) алаңында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен "СҚ-Фармация"  бірыңғай дистрибьюторы мен Pfizer халықаралық биофармацевтикалық компаниясының арасында ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы Келісім шеңберінде америкалық фармацевтикалық алып Pfizer ел аумағында инновациялық вакцинаның келісімшарттық өндірісін ұйымдастыруды өз мойнына алуға және 10 жылдың ішінде Қазақстанға 20 валентті пневмококктық конъюгацияланған вакцинаны жеткізуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

Вакцинаны Бірыңғай дистрибьютор сатып алады, ол 2009 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарына одан әрі беру үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастырушы болды. Құжатқа қол қою үшін Қазақстанға Таяу Шығыс, Ресей және Африка (Mera) өңіріндегі компанияның өңірлік Президенті Патрик ван дер Лоо келді.

Қазақстан Еуразия өңірі мен Орталық Азия елдерінде Pfizer инновациялық вакцинаның келісімшарттық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған бірінші ел болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу