Бүгін, 17 мамыр күні, Barys Arena алаңында жарыстың ақтық ойыны өтеді. Оның қорытындысы бойынша әлемдік дода чемпионы анықталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Финалда жартылай финалдық кездесулерде жеңіске жеткен Team Spirit пен Team Falcons командалары кездеседі. Шешуші матч Қазақстандағы ғана емес, шетелдегі киберспорт жанкүйерлерінің де ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Турнир алғашқы күндерден-ақ өңірдегі ең көп талқыланған киберспорттық іс-шаралардың біріне айналды. Екі ойын күні ішінде аренаға шамамен 16 мың көрермен жиналса, әлем бойынша онлайн трансляцияларды жүздеген мың адам тамашалаған.
Жанкүйерлер командаларды белсенді қолдап, турнирдің көркін қыздырды. Көрермендер үшін алаңда аранйы тақырыпта фан-аймақтар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылған.
PGL Astana 2026 турнирінің өтуі ел астанасының ірі спорттық және киберспорттық іс-шараларды өткізе алатын заманауи халықаралық алаң ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.