Пхенчхан байрақты бәсекеге дайын екені жарияланды

679

Пхенчхан байрақты бәсекеге дайын екені жарияланды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиаданың басталуына 25 күн қалды. Қаңтар айының аяғында ойындарға кімдердің баратыны толық анықталады. Қазақ елі ақ олимпиадаға спорттың тоғыз түрінен 60-қа тарта жолдама ұтып алуды жоспарлап отырғаны белгілі, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір біздің қыз-жігіттердің еншісінде 33 лицензия бар. 15 спорттан 102 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын кешенді сын 9 ақпанда басталып, 25-де аяқталады.

"Пхенчхан төртжылдықтың басты додасын қабылдауға толықтай дайын", – дейді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик. Корей елі спорттық сайыс кезінде телевизия саласындағы тың жетістіктерін паш етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу