Пхёнчхандағы қауіпсіздік қызметі Олимпиаданы күзетуден шеттетілді

756

Пхёнчхандағы қауіпсіздік қызметі Олимпиаданы күзетуден шеттетілді

Қысқы Олимпиада өтетін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ішек ауруы вирусы таралып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Норовирус індеті Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 36 қызметкерден анықталып, олар дереу ауруханаға жеткізілген. Салдарынан мыңнан астам қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді.

Жергілікті билік вирус шыққан Джинбу орталығында азық-түлік таратуды тоқтатып, жерасты суларын тексеруді қолға алды. Сонымен қатар жақын маңдағы тұрғын үйлерді залалсыздандыру шарасы жүргізіліп жатыр. Ал вирус жұқтырған қауіпсіздік қызметкерлерінің міндетін атқаруға әскерилер жұмылдырылған.

Айта кетейік, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу