Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтардан бірінші болып Сергей Ткаченко жарыс жолына шықты.
Отандасымыз 90 метр биіктіктен шаңғымен трамплиннен секірудің іріктеу кезеңінде 83.7 ұпай жинап, 51-ші орын алды. Өкінішке қарай, Ткаченко аталмыш сайыстың финалына өте алмады. Енді 18 жасар спортшымыз ақпанның 16-ы үлкен трамплиннен секіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу