Пхеньян: АҚШ өзіне бағынбайтын елдерге санкция салады

910

Солтүстік Кореяның "Нодон синмун" газетіне жарияланған мақалада автор мысал ретінде Ирак пен Ливия елдеріндегі жағдайды келтіреді. 

Пхеньян: АҚШ өзіне бағынбайтын елдерге санкция салады

Құрама Штаттар экономикалық санкцияларды үстемдігіне көнгісі келмейтін мемлекеттерге салып, ондағы жағдайды тұрақсыздандырады. Солтүстік Кореяның "Нодон синмун" деп аталатын газеттегі мақалада осындай мәлімдеме жасалды. 

"Батыс елдері мен АҚШ санкциялардың көмегімен өздеріне бағынбайтын елдерге қысым жасайды. Егер оларға бір рет көнсең, артынан жүз рет мойынсұнуға тура келеді. Ал ақырында бұның арты елдің күйреуіне әкеліп соғады", – делінген мақалада. 

Мақала авторы мысал ретінде Ирак пен Ливия елдеріндегі жағдайды келтіреді. Олардың ойынша, бұл мемлекеттер ішкі мәселелеріне батыс елдерін араластыру арқылы өздерін құлдыратып алған. 

Солтүстіккореялық орталық газеттің хабарлауынша, батыс алпауыттарының мақсаты –   экономиканы құлдыратып, қысым жасаудың арқасында билікті құлатып, елді толықтай өздеріне бағынышты ету. 

"Тәуелсіздік пен ұлттық абыройға тек империалистермен күресу арқылы қол жеткізуге болады", – дейді мақала авторы. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу