Пхеньян: АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығуды тоқтатуға тиіс

1250

Вашингтон мен Пхеньян арасында сенім орнаған жағдайда ғана, түбекті ядролық қарудан арылту мәселесі талқыланбақ. 

Пхеньян: АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығуды тоқтатуға тиіс

АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлесе әскери жаттығу жүргізуді түбегейлі тоқтатуы тиіс. Солтүстік Кореяның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі бейбітшілік орнату жөніндегі комитетітің басшысы Ким Ен Чхоль осындай мәлімдеме жасады. 

17 қарашада Вашингтон мен Сеул осы айдың соңына белгіленген әскери жаттығуларды кейінге қалдырған болатын. Пентагон басшысы Марк Эспердің айтуынша, бұл қадам АҚШ-тың Солтүстік Кореямен қарым-қатынасын реттеу мақсатында жасалған. Сонымен қатар Корей түбегін ядролық қарусыздандыру процесіне кедергі келтірмес үшін Ақ үй жаттығулардың ауқымы реттелетінін мәлім етті. 

Ким Ен Чхольдың пікірінше, Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлесе жүргізіп жатқан дайындықтар, керісінше, мәселенің дипломатиялық жолмен шешілуін тежеп отыр. "ҚХДР қауіпсіздігіне төнетін қатерлер жойылып, Пхеньян мен Вашингтон арасында сенім орнаған жағдайда ғана түбекті ядролық қарудан арылту мәселесіне кірісуге болады", – дейді Чхоль. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу