Пхеньян Ким Чен Намның өлімі туралы Малайзия сарапшыларының қорытындысын қисынсыз деп атады

693

Пхеньян Ким Чен Намның өлімі туралы Малайзия сарапшыларының қорытындысын қисынсыз деп атады

КХДР билігі ел басшысының ағасы Ким Чен Нам Куала-Лумпурда VX уымен уланғаны туралы малайзиялық сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын ақылға қонысыз деп атады.

Кореяның Орталық телеграф агенттігінің арналары арқылы таратылған ақпарда қайтыс болған адамның денесінде  нейропаралитикалық заттың табылғаны туралы қорытындыда "ғылыми дәлдік пен логикалық байланыс жоқ" делінген.

Агенттіктің хабарламасы сәрсенбі күні,  Малайзия қол түскен бірі – вьетнам, екіншісі – инодонезиялық қос әйелге қатысты кісі өлтірді деген айып тағылып жатқан тұста таратылды.  Аталған екі әйел 13 ақпанда Малайзия астанасының әуежайында Ким Чен Намға қастандық жасалған соң ұсталған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу