Пхеньян снарядтарын қайта сынақтан өткізді

1015

Әзірге зымырандардың моделі, ұшу қашықтығы мен биіктігі анықталмады.

Пхеньян снарядтарын қайта сынақтан өткізді

Оңтүстіккореялық әскерилердің дерегі бойынша, зымырандар Жапон теңізі жағына қарай Вонсан қаласынан жіберілген. Ресми Сеул әскерилері Корей түбегіндегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, КХДР осымен бірнеше мәрте зымыранды сынақтан өткізіп отыр. Соңғы рет қыркүйектің басында снарядтарды ұшырған болатын. Бұған түрткі болып отырған Вашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери жаттығулары. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеттері Солтүстік Кореяға басып кіруге бағытталған деген пікірде. 

Бұған дейін ел президенті Ким Чен Ын оңтүстіккореялықтар Құрама Штаттармен ортақ әскери әрекеттерін доғармаса, басқа бағытқа бет бұратынын бірнеше мәрте айтып, сес көрсеткен болатын. Ал АҚШ пен Қытай әскери жаттығулардың қорғаныс мақсатында ұйымдастырылып жатқанын алға тартуда. Қос тараптың айтуынша, жаттығулардың мақсаты Оңтүстік Кореяның екі жақтың қарулы күштерін әскери режимге енгізу қабілетін ексеру болып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу