ПИК есепшісі 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденді деген күдікке ілінді

604

Полицияға ПИК төрағасы жүгініп, қаржылық құжаттарды тексеру кезінде ұйымда ақша қаражатының жетіспеушілігі анықталғанын айтқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ПИК есепшісі 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденді деген күдікке ілінді

"Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1 млн 160 мың теңгені құрады. Тергеу барысында полиция бас есепші болып жұмыс істеген ПИК-тің 46 жастағы бұрынғы қызметкерінен ақша ұрлады деп күдіктенуге негіз бар екенін анықтады. Бір-екі ай бұрын әйел осы ұйымда бірнеше жыл жұмыс істеп, еш түсіндірместен кетіп қалған. Кейін анықталғандай, бұрынғы бас есепші бір жыл ішінде қаражатты өз пайдасына  жұмсаған", – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Полиция мекеме иелеріне өз кәсіпорындарында, фирмаларында мезгіл-мезгіл түгендеу мен аудит жүргізуді, тауарлар мен материалдарды сақтау орындарында өткізу жүйесін, бейнекамераларды орнатуды ұсынады.

"Талдау нәтижесі көп жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін бухгалтерлер, кассирлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайтынын көрсетіп отыр. Басшылық ұзақ уақыт бойы аудит жүргізбейді, өйткені олар жұмысшылардың  адалдығына сенеді. Бірақ та кейін сенім  ақталмайды", – дейді департаментте.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 31 фактісі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу