ПИК тәжірибесі ашықтықтың жоқтығын көрсетті

969

"Қазорталық ТҮКШ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков осылай деп мәлім ете отырып, олардың орнына құрылған мүлік иелері бірлестігі қалай құрылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

ПИК тәжірибесі ашықтықтың жоқтығын көрсетті

"Жаңа басқару нысандарының 7499 бірлігі құрылды. Тұрғын үй қатынастары саласындағы реформалар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға қатысты азаматтардың шағымдарына байланысты қабылданған болатын. Елімізде бұған дейін қолданыста болған көпүй немесе пәтерлі үйлерді пәтер иелері кооперативтері тұтыну коопреративтері арқылы басқару тәжірибесі көбінесе олардың қызметінде шешім қабылдауда ашықтықтың жоқтығын көрсетті. Көппәтерлі тұрғын үйлерді толық басқару үшін пәтер иелері нысанының ортақ мүлкінің құрамын және әр пәтер иесінің үлесін анықтай отырып, кондоминимум нысанын тіркеуі қажет екенін атап өткен жөн", деді Нұрбек Серіков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында,

Оның айтуынша, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың қаражаттың түсімі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өз үйінде МИБ (мүлік иелері бірлестігі) немесе жай серіктестік құру қажеттігін түсіну керек. Оларды құру үшін біріншіден жиналысты өткізуге бастамашылық жасау қажет. Қатысушылардың саны пәтерлер немесе тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ үлгілік нысанға сәйкес, жиналысты шақыру туралы хабарлама рәсімдеу қажет.

"Тұрғын үй инспекциясы да жиналысты өткізуге бастамашы бола алады. Екіншіден, өткізілетін жиналыс туралы хабарлама көпшілікке қолжетімді жерлерде 10 күн бұрын жариялануы тиіс. Сондай-ақ меншік иелері жиналыс өткізілетін күні туралы электронды байланыс немесе ұялы телефон арқылы жеке хабарлауға болады. Үшіншіден, МИБ немесе жай серіктестік басқару нысанын таңдау бойынша таңда барлық меншік иелеренің 50 пайызы қатысқан жағдайда заңды деп саналады. Шешім қабылдаушылардың басым даусымен қабылданады", – деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу