Пилотсыз автокөлік адамды басып кетті

978

Пилотсыз автокөлік адамды басып кетті

Убер компаниясы  автономсыз режимдегі қозғалысты басқаратын автокөліктермен тәжірибе жасауды тоқтататын болды.  Бұл туралы КТК хабарлады. 

2018 жылдың 19 наурыз күні түнде АҚШ-тың Аризона штатында пилотсыз автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Uber компаниясының пилотсыз автокөлігі әйелді қағып өлтірді. Жедел ауруханаға жеткізілген 49 жастағы Элейн Херцберг алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды. 

Полицияның айтуынша, Элейн жаяу жүргіншілерге арналған жолдан сәл алысырақ жерде жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен.

Бір таңқаларлығы, автокөліктің ішінде жүргізуші отырғанымен, техника автономды басқарылған екен. Бұл адам өліміне әкелген пилотсыз автокөліктің алғашқы жол-көлік оқиғасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу