Пилоттық жоба: биылдан бастап 10-11 сынып оқушылары колледжде қосымша оқи алады

1198

Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен, алдағы оқу жылынан бастап еліміздегі 10-11 сынып оқушылары бір мезетте мектепте де, коледжде де оқи алатын болды.  

Пилоттық жоба: биылдан бастап 10-11 сынып оқушылары колледжде қосымша оқи алады Фото: egemen.kz

Айта кетсек, бұл қос деңгейлік білім беру пилоттық жобасын қолданысқа экс-министр Асхат Аймағамбетов енгізген болатын. Соған сәйкес, түске дейін мектепте сабақ оқып жүрген оқушы түс қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуға құқылы. Әзірге, екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалған. Бұл ретте оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Ал жоба бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Экспериментті білім беру алдағы екі оқу жылында тәжірибе ретінде іске қосылғалы жатыр. Қазір әр өңірден тек екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалған. Олар 16 мамандық бойынша жұмысшы мамандарды дайындайды. Сол мамандықтар бойынша әрбір оқушы кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын қосымша алып шығады.

Тағы бір басты шарт - колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу