Пилоттық жоба: Еліміздің үш қаласында 3580 call-орталықтары жұмысын бастады

628

Қазақстанда психикалық денсаулық бірыңғай ақпараттық қызметінің пилоттық жобасы іске қосылды.  

Пилоттық жоба: Еліміздің үш қаласында 3580 call-орталықтары жұмысын бастады Фото: gov.kz

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен осындай жобаны қолға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді жаңа қызметтің көмегімен психикалық денсаулыққа қатысты кез-келген сұрақтар туындаған жағдайда, ақпарат алу мүмкіндігі бар:

  • Телеграмм Боты - @Mental_SupportBot
  • дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 3580 нөмірі бойынша Call орталығына қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін).

Сондай-ақ, сіз психологтың тегін кеңесіне жазыла аласыз. Ол үшін www.mentalcenter.kz сайтында "Психолог консультациясы" бөлімін таңдап, өтінім нысанын толтырыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу