Пиротехника шығаратын жалғыз зауыт жабылып қалды

984

Еліміздегі пиротехникалық  өнімдер 100 пайыз – импорт. Себебі Қазақстанда отшашу өндіретін жалғыз зауыт жабылып қалған. Ал сатумен айналысатындары өте көп. Олардың барлығы көрші елдерден көтерме бағада сатып алып, саудалайды. 

Пиротехника шығаратын жалғыз зауыт жабылып қалды

Осы жылдың 10 айында Қазақстанға жалпы сомасы шамамен $3 млн болатын 2,4 млн дана фейерверк пен басқа да пиротехникалық бұйымдар әкелінді. Оның басым бөлігі Ресейден импортталса, жартысына жуығы Қытайдан әкелінген. Кипр мен Германияның да үлесі басым. Айтпақшы, биыл былтырғыға қарағанда пиротехнкаиылқ өнімдер көбірек импортталған. Былтыр – 1,7 млн дана, биыл  – 2,4 млн.

Елімізде пиротехника шығаратын жалғыз зауыт бар.  Бар болғада да қазір ғимараты ғана тұр. Семей қаласында орналасқан өндіріс орыны 4 жыл бұрын тоқтап қалған. 30 жыл жұмыс істеген "Қазақстан-Салют" кәсіпорынының басшысы Вадим Гостев бар мәселе тапсырыстың, қолдаудың жоқтығында дейді. Нақты себептерін кәсіпкердің өзі айтып берді. Толығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу