Пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сатуға заңмен тыйым салынған

1401

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласы полициясы қала тұрғындарын пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алмауға шақырады.

 Пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сатуға заңмен тыйым салынған

Полиция пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алушы болмаңыздар. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертеді. Айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі сіздерге байланысты екендігін есіңізде сақтаңыз", - делінген ПД-нің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу